Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Орталық Сайлау комиссиясынан хабарлады.
Кеңеске республиканың барлық өңірлеріндегі сайлау комиссияларынан 250-ден астам өкіл қатысады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10-шілдеде Алматыда өткен осындай семинар-кеңесте заң жобасын талқылау барысында сайлаушылардың қосалқы тізімін алып тастау, сайлау комиссиясы мүшелерінің мәртебесі, қитұрқы сайлау технологияларына тосқауыл қою, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары барысындағы БАҚ-тармен байланысы туралы мәселелер бойынша пікірталас өткен болатын.
Астанада өтетін семинар-кеңесте осы және өзге де мәселелер бойынша өзара тиімді пікір алмасу процессі одан әрі жалғасып, сайлауға дайындық және оны өткізу барысында сайлау комиссияларының жұмысында кездесетін тауқыметтер туралы кең көлемде талқыланады.