Астанада "Сайлау" жобасын таныстыру барысында электронды дауыс беру жүйесі нақты дауыс беру арқылы сынақтан өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Сайлау" жобасын таныстыру барысында  электронды дауыс беру жүйесі нақты дауыс беру арқылы сынақтан өтті

Астанада "Сайлау" жобасын таныстыру барысында электронды дауыс беру жүйесі нақты дауыс беру арқылы сынақтан өтті

Бүгін, 16-тамызда Астанада "Сайлау" жобасын таныстыру барысында электронды дауыс беру жүйесі нақты дауыс беру арқылы сынақтан өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 16 Тамыз 2004
  • 795
Фото - Caravan.kz

Жүйені сынақтан өткізу шарасы №2 сайлау аймағында жүзеге асырылды. Оған осы учаскеде тіркелген нақты сайлаушылар қатысты. Шараға саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен халықаралық бақылаушылар атсалысты.

Жобаға қатысушыларға электрондық бюллетеньмен жұмыс істеу, тіркеу және дауыс беру процестері таныстырылды.
29 минутта 46 сайлаушы дауыс берді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы жүйе арналары бойынша Орталық сайлау комиссиясына жолданып, онда дауыс беру қорытындысы арнаулы мониторға шығарылды.
Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева сынақ нәтижесіне оң баға берді.
«Орталық сайлау комиссиясының алдындағы қазіргі міндет — сайлаушыларды оқыту»,- деді ол. З.Балиеваның хабарлауынша, қазір Орталық сайлау комиссиясы оқыту мақсатындағы роликтер дайындап жатыр, сайлаушыларға түгелдей дауыс беру барысы туралы түсініктеме беретін Жадуалдар таратылды. «Учаскелік сайлау комиссияларының қазіргі жұмысы сайлаушыларды оқытып-машықтандыруға бағытталады. Біз бәр жерде тренингтер өткізуді көздеп отырмыз»,- деді ол.
Орталық сайлау комиссиясының төрайымы «Сайлау » жүйесі сыртқы шабуылдан сенімді қорғалған дегенді тағы да қайталады. Ол Орталық сайлау комиссиясының сайтын бұзуды жүйе жұмысымен салыстыруға болмайтынын атап өтті. «Сайт дегеніміз — есігі айқара ашық жатқан, қорғалмаған, кім көрінген ене беретін ашық есік іспетті. Ал жүйенің қорғалу жағдайы С-3 деп аталатын ең жоғарғы қорғаныс дәрежесіне ие. Бұл қорғаныс жүйесі елімізде Ұлттық банкте қолданылады»,- деді ол.
З.Балиева осы орайда саясаткерлерді жүйенің қорғалмағандығы туралы бос әңгімелерді доғаруға шақырды. «Мұндай әңгімелерге кәсіпқой мамандар тосқауыл қоюы тиіс. Ал дилетанттық күбір-сыбырды доғарған абзал. Кәсіпқой компьютер мамандарын үстел басына шақыру қажеттігі туындады»,- деді ол.
«Орталық сайлау комиссиясы сарапшы топтың құрамына өз кандидатураларын ұсыну туралы бүкіл саяси партияға өтініш жолдады, біз сарапшы жіберу туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан да сұрадық. Алайда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы комиссия құрамына сарапшысын жіберген жоқ, бірақ ұйым өкілі бүгін бақылаушы ретінде қатысты, қазір ол бүкіл құжаттарды зерттеуде, әзірге ол сұрақ қойып, ескерту айтқан жоқ»,- деді З.Балиева.

Перейти к новостям спорта