Астанада Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтті

Астанада Салидат Қайырбековамен қоштасу рәсімі өтті

Астана халқы Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі, «University Medical Center» корпоративті қорының төрайымы Салидат Қайырбековамен қоштасты.

  • 4 Шiлде 2016
  • 314
Фото - Caravan.kz

Қаралы рәсімге Астананың медицина саласының қауымы, Үкімет және Парламент мүшелері, марқұмның туыстары мен достары келді.  С.Зекенқызымен қоштасуға ниет білдірген халық «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ конференц залына сыймай кетті. 

«Ол әрине, өз ісінің шебері және өте жақсы әріптес болды. Күн-түн демей демалыссыз жұмыс істеп, өзін еңбекке арнаған жан. Білімді еді, жаңа технологияларды білуге құмартты. Мына орталық С.Зекенқының қатысуымен салынған болатын. Оның өмірден ерте өткені өкінішті. Отбасына қайғырып, көңіл айтамыз», — деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Республикалық трансплантация орталығының жетекшісі Жақсылық Досқалиев Салидат Қайырбекованың өте жауапты екенін айтты. «Ол Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне тұңғыш рет лицензиялауды, аккедитациялауды, аттестациялауды енгізді. Үкіметтік емес ұйымдардағы денсаулық сақтау жұмыстарының дамуы туралы докторлық жұмысы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізі болды», деп атап өтті ол.


С.Қайырбекованы жерлеу рәсімі 2016 жылы 5 шілдеде, сағат  11.00-де Қарағанды облысы Киевка ауылында өтеді.