Астанада салынып жатқан ғимараттың төбесі құлау салдарынан "Инженерлік корпорация" ЖШС-нің жұмысшысы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 466.33
  • 538.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада салынып жатқан ғимараттың төбесі құлау салдарынан "Инженерлік корпорация" ЖШС-нің жұмысшысы қаза тапты

Астанада салынып жатқан ғимараттың төбесі құлау салдарынан "Инженерлік корпорация" ЖШС-нің жұмысшысы қаза тапты

Астанадағы Сарыарқа ықшам ауданында салынып жатқан "Алтын орда" тұрғынүй кешеніне жататын бір үйдің төбесі құлау салдарынан "Инженерлік корпорация" ЖШС-нің жұмысшысы қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 521
Фото - Caravan.kz

Астана қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мәліметі бойынша, қайғылы оқиға 4-желтоқсанда 15 сағат 20 минутта қауіпсіздік техникасын бұзу салдарынан болған. Үй қабатының төбесін бетоннан құю барысында көп адамның салмағын көтермеген уақытша опалубка құлап кеткен. Соның салдарынан «Инженерлік корпорация» ЖШС-нің 24 жастағы жұмысшысы қаза тауып, тағы 7 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің алдын-ала болжамы бойынша, апаттың шығуына қауіпсіздік техникасын бұзу себепкер болған. Жұмысшының қаза табу себептерін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік инспекциясы тексеруде.