Астанада «Самұрық-Этно-Фест» кинофестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Самұрық-Этно-Фест» кинофестивалі өтеді

Астанада «Самұрық-Этно-Фест» кинофестивалі өтеді

Мамырдың 18-22-сі аралығында Астанада этнографиялық және антропологиялық деректі фильмдердің «Самұрық-Этно-Фест» атты I Халықаралық кинофестивалі өтеді.

  • 8 Мамыр 2012
  • 478
Фото - Caravan.kz

Кинофестивальге түскен шығармашылық жұмыстардың барлығы — этнографиялық және антропологиялық бағыттағы деректі фильмдер. Онда ұлттар мен этникалық топтардың тұрмыс-салты, діні, дәстүрі, мәдени мұрасы мен тұрмыс-тіршілігі жан-жақты баяндалады. Негізгі тақырып — адам баласының шығу тегі.

Кинофестивальдің қолдаушылары — ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ. Ұйымдастырушысы — Қазақстанның киноқоры және ҚР кинематографтар одағы.