Астанада Сарыарқа ауданы прокурорына қарсы қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Сарыарқа ауданы прокурорына қарсы қылмыстық іс қозғалды

Астанада Сарыарқа ауданы прокурорына қарсы қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокурорына қатысты лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Stan.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Қараша 2017
  • 162
Фото - Caravan.kz

«Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокурорына қатысты ҚР ҚК 362-бабы 2-тармағына (Қызмет бабын асыра пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады», – деп мәлімденеді хабарламада. Мәлімет бойынша, прокурор бұрын күдіктіге қатысты сот тағайындаған санкцияландырған қамауда ұстау бұлтартпау шарасын кепілдікке ауыстырған. Осы дерекке сәйкес қызмет бабын асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Тегеу жұмыстары жүріп жатыр. Прокурор қызметінен босатылды. Тергеу мүддесі үшін әзірге басқа ақпарат жария етілмейді.