Астанада сауда-экономикалық байланыстар жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының мәжілісі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сауда-экономикалық байланыстар жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының мәжілісі өтуде

Астанада сауда-экономикалық байланыстар жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының мәжілісі өтуде

Бүгін, 10-желтоқсанда Астанада ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова мен Болгария Республикасының Қазақстандағы істерін уақытша жауаптанған өкіл Христина Петрованың басқаруымен сауда-экономикалық байланыстар және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының мәжілісі өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Желтоқсан 2004
  • 576
Фото - Caravan.kz

Г.Қарағұсованың айтынша, комиссияның жұмысы барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, соның ішінде тұрғын үй құрылысы және құрылыс материалдарын өндіру, Қазақстан мұнайын Болгария аумағы арқылы тасымалдау және экспорттау, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру үшін қолға алынатын шараларды қарайды.

Сондай-ақ, әскери-техникалық саладағы, көлік және коммуникация, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты жолға қою шаралары да қаралады.
Комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша бүгін кешке отырыс хаттамасына қол қойылады. Бұл құжат, Г.Қарағұсованың айтуынша, соңынан дипломатиялық арналар бойынша Болгария Республикасының аймақтық даму және абаттандыру жөніндегі министрі Валентин Церовскийдің қол қоюына ұсынылады. В.Церовский үкіметаралық комиссияның бұл отырысында Болгариялық өкілдерді ресми түрде басқарады. Алайда, Х.Петрованың айтуынша, ол Түркиядағы «күн райы ахуалына байланысты» Астанаға келе алмай қалды.
Г.Қарағұсованың айтынша, бүгін қол қойылатын хаттама аясында «мемлекет немесе үкімет басшылары деңгейінде қандайбір келісімге қол қоюдың қажеті жоқ, ал министрлік деңгейінде ондай құжаттарға қол қойылған». ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұған қоса комиссияның жұмысы барысында Болгария өкілдерінің ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьникпен кездесуі өтеді деп хабарлады.

Перейти к новостям спорта