Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының оныншы мәжілісі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының оныншы мәжілісі өтеді

Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының оныншы мәжілісі өтеді

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 15-17 қазанда Астанада ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов пен Иран ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Манучехр Моттакидің бірлескен төрағалығымен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының оныншы мәжілісі өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 14 Қазан 2008
  • 520
Фото - Caravan.kz

Комиссия шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолдары, Иранға астық жөнелтуді жолға қою, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, мұнай және газ, көлік және коммуникациялар, туризм және спорт, мәдениет жене телерадиохабар салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар