Астанада саяжайлар жұрттың келісімінсіз сүрілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада саяжайлар жұрттың келісімінсіз сүрілуі мүмкін

Астанада саяжайлар жұрттың келісімінсіз сүрілуі мүмкін

Астана әкімдігі саяжайлардағы жер телімдерін тұрғындардың келісімінсіз тартып алмақ. Қалалық сәулет басқармасындағылар осындай ұсыныс әзірлеп жатыр.

  • 31 Шiлде 2015
  • 228
Фото - Caravan.kz

Виталий Силецкий, Астана қалалық Сәулет және құрылыс басқармасының басшысы:

-Бұрын жер телімдерін қаланың бас жоспарына сүйеніп, жұрттың келісімінсіз алуға болатын еді. Қазір құрылысшы әрбір жер иесінің  рұқсатын алу керек. Бұл қолбайлау болып отыр.

Қазір қолданыстағы заң бойынша шенеуніктер саяжайларды бірден сүріп тастап, орнына коммерциялық нысан сала алмайды. Ол үшін жер иелерінің жеке-жеке келісімі қажет. Ал, тұрғындар оңай көне бермейді, қомақты қаржы сұрап уақытты созады, — дейді атқамінерлер. 9 жыл бұрын депутаттардың талабымен заңнан «жер телімін мәжбүрлі түрде  тартып алу» бабы алынып тасталған болатын. Енді әкімдіктегілер сол талапты қайтарып алмақшы.

Соңғы жаңалықтар