Астанада сексен мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сексен мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Астанада сексен мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Астанада сексен мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр.

  • 2 Қазан 2014
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылдың бірінші тамызындағы мәліметтерге қарағанда, Астанада 6 жасқа дейінгі 79 мың 900 бала, 3 пен 6 жас аралығындағы 53 мың 864 бүлдіршін

кезекте тұр», — дейді елорда прокурорының аға көмекшісі Шолпан Көшенова.

Астанада 33 мың 164 бала мектепке дейінгі тәлім-тәрбиемен қамтылған. Қаладағы 173 бала-бақшаның 75-і мемлекет меншігінде.

«Мектепке дейінгі мекемелердің көптеп салынуына қарамастан, жыл сайын кезектегі балалар саны азаймай отыр», — деп атап өтті ол.


Мемлекеттік 75 бала-бақшада тиісті 16 мың 691 баланың орнына 20 мың 974 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Бұл бала-бақшалардың жобалық сыйымдылығынан 20,4 пайыз артық.