Астанада Сербия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Сербия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ашылады

Астанада Сербия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ашылады

Бүгін Астанада Сербия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ашылады.

  • 24 Маусым 2011
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен болған кездесуден кейін Сербия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Иван Мркич мәлім етті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту аясында үкіметаралық комиссияда қаралатын мәселерді пысықтап шықты. «Ал, ең бастысы, бүгін біз Қазақстанда Сербия Республикасының Елшілігін ашу үшін келіп отырмыз. Бұл Қазақстан мен Сербия арасындағы берік байланыстарға дәлел әрі екі ел халықтарының жақындасуына және өзара ынтымақтастықтың күшеюіне себеп болады деп білеміз», — деді. И.Мркич.

Сербия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің ашылу салтанаты бүгін елордадағы «Рэдиссон» қонақүйінде кешкі 18 сағатта өтеді. Елшіліктің кеңсесі де осы ғимаратта орналаспақ.

Соңғы жаңалықтар