Астанада Сергей Сафроновтың бастамасымен сиқыршылар фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Сергей Сафроновтың бастамасымен сиқыршылар фестивалі өтеді

Астанада Сергей Сафроновтың бастамасымен сиқыршылар фестивалі өтеді

«Экстрасенстер шайқасы» шоуының сыншысы, белгілі сиқыршы Сергей Сафронов Астанада «Magic Astana» халықаралық сиқыршылар фестивалін ұсынды.

  • 4 Шiлде 2014
  • 391
Фото - Caravan.kz


Бұл кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі бірден-бір тәуелсіз фестиваль. Жоба басшысы Жан Мұқановтың айтуынша, шоу енді жыл сайын өткізілмек.

«Magic Astana» шарасына алғаш рет әлемнің озық сиқыршылары жиналмақ, бұл ең мықты, жоғары дәрежелі «дуагерлер мен сиқыршылар» фестивалі болатынына сенімдімін», — деді Жан Мұқанов бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Сергей Сафронов өз кезегінде, Астанаға сиқыр әлемінің шеберлерінің «тылсым дүниелерін» ала келгенін хабарлады.

«Бұл өздеріне сенімді сиқыршылардың арманы еді. Олар Астананы ғажайыптар алаңына айналдыруға әзір», — деп қосты Сергей Сафронов.

Өкінішке орай, ұйымдастырушылар шоуға барлық билеттердің сатылып кеткенін айтты. Сиқыршылар кеші 5-6 шілдеде Бейбітшілік пен келісім сарайында өтеді. 6 шілдеде сағат 12.00-де аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балаларға арналған қайырымдылық бағдарламасы әзірленген.

Перейти к новостям спорта