Астанада шағын автобуспен соқтығысқан «жедел жәрдем» көлігі аударылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шағын автобуспен соқтығысқан «жедел жәрдем» көлігі аударылып қалды

Астанада шағын автобуспен соқтығысқан «жедел жәрдем» көлігі аударылып қалды

Астанада таңғы сағат 7-лер шамасында Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында «жедел жәрдем» көлігі мен шағын автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы орын алды.

  • 19 Қараша 2015
  • 477
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Лариса Красникова хабарлады.

«Жансүгіров көшесінен Абылай хан даңғылы бойымен Янушкевич көшесіне қарай жүріп келе жатқан «жедел жәрдемнің» жүргізушісі Пушкин көшесімен Тәуелсіздік даңғылына қарай келе жатқан Hyundai Grand Starex шағын автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан «жедел жәрдем» көлігі аударылып, оның ішіндегі фельдшер зардап шекті. Ол қараудан кейін үйіне жіберілді», — деп хабарлады Астана қалалық ІІД ӘПБ-ның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

Апатқа кінәлі болған «жедел жәрдем» көлігі жүргізушісінің түсіндіруінше, ол шақыруға асығып келе жатқан. Бұл ретте жүргізуші дабыл белгісін қосуды ұмытып, бағдаршамның рұқсат етпейтін белгісіне өтіп кеткен. 



Апат фактісі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, тергеу өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар