Астанада шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогі турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогі турнирі өтеді

Астанада шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогі турнирі өтеді

Тамыздың 10-ы күні Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогі жолындағы турнир басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Шайбалы хоккей федерациясына сілтеме жасап.

  • 2 Тамыз 2010
  • 457
Фото - Caravan.kz

Турнирге Ресей, Беларус, Латвия және Қазақстан командалары қатысады. Хоккей жанкүйерлері Құрлықтық хоккей лигасында зор беделге ие Мәскеу облысының «Атлант», Минск мен Рига қалаларының «Динамо» командаларының және отандық «Барыс» клубтарының өзара кездесулерін тамашалай алады.

Астаналық «Барыс» командасы бірінші кездесуін тамыздың 10-ы күні «Атлантпен» өткізеді.

Доданың ұйымдастыруын «Нұр Отан» ХДП және Қазақстанның Шайбалы хоккей федерациясы қолға алған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера