2013 жыл Қазақстанның шаңғы жарысы федерациясы үшін жетекші халықаралық жарыстар — әлем чемпионаты және әлем кубогындағы ірі жеңістерден басталды.
«Биылғы маусым еліміз үшін табысты болды. Бұл үлкен серпінді қадам, себебі, Владимир Смирнов спорттан кеткелі 18 жылдан бері Әлем чемпионатынан жүлде ала алмай келдік», — деген болатын әлем кубогындағы жарыстарды сәтті аяқтағаннан соң қазақстандық команданың көшбасшысы Алексей Полторанин.
Федерацияның бас демеушісі «Самұрық-Қазына» басшысының қатысуымен өтетін жиында өткен маусымның қорытындылары шығарылады және болашаққа жоспар жасалады. Ө.Шүкеев Қазақстан құрамасының үздік жаттықтырушыларына наградалар табыс етеді.
Бұдан басқа, шараға отандық шаңғы спортының «жұлдыздары» — Квебектегі әлем кубогының жеңімпазы Денис Волотка мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько қатысады.