Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің екінші кеңесі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің екінші кеңесі өтуде

Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің екінші кеңесі өтуде

Бүгін, 5-шілдеде Астанада Қазақстан Республикасының төрағалық етуімен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің екінші мәжілісі өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz

Кеңеске ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі, ҚХР мәдениет министрінің орынбасары, Қырғызстанның мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссиясының төрағасы, РФ мәдениет және бұқаралық коммуникациялар министрі, Тәжікстан Республикасының мәдениет министрі, Өзбекстан Республикасының мәдениет және спорт істері жөніндегі министрі қатысады.

Мәжілісте мәдени алмастықтар перспективасы мен қазіргі ахуалы талқыланады. Атап айтсақ, жастар фестивальдерін өткізу, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет күндері мен шығармашылық ұжымдарының бірлескен концерттерін ұйымдастыру, көркемсурет көрмелерін ұйымдастыру, ұйымға мүше елдердің мәдени және өнер ұйымдары мен мекемелері арасындағы тікелей байланыстар мен ынтымақтастықты қолдау, тараптардың құзыреті аясында ұйымға мүше елдердің кинематография, телевидение, радиохабарларын тарату, және баспагерлік салаларындағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастығы мен өзара барыс-келіс, алыс-берісіне түрткі болу мәселелері талқыланады.
Кеңес қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің 2005-2006-жылдарға арналған көп жақты мәдени ынтымақтастық жоспары мен ұйымға мүше елдердің мәдениет министрлерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданады деп межеленген.