Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қазан 2008
  • 291
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа ұйымға мүше елдердің үкімет басшыларымен бірге ұйымға бақылаушы елдердің үкімет басшылары да қатысады. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысушыларды Елбвасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды деп күтілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша біріккен коммюнике мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ықпалдастығына қатысты басқа да бірқатар жұмыс құжаттарына қол қою жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар