Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының екінші мәслихаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының екінші мәслихаты өтеді

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының екінші мәслихаты өтеді

2-маусым, бейсенбіде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының екінші мәслихаты өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2005
  • 360
Фото - Caravan.kz

Жиынға ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов, ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юнкан, Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары міндетін атқарушы Кәдірбек Сарбаев, Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов, Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Амиркул Азимов пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуан қатысады.

Жиынның күн тәртібіне Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің кеңістігі мен көршілес өңірлерде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері енгізілген. Сонымен бірге жиынға қатысушылар Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысты бірқатар құжаттардың жобасын қарайды.

Перейти к новостям спорта