Жарияланды: 430

Астанада шеберханада болған өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды

Астанада дөңгелектерді жөндеу шеберханасында болған өрт салдарынан 23 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Сейсенбі, 27 қараша күні Пушкин көшесінде орналасқан дөңгелектерді жөндеу шеберханасы үшін жабдықталған металл контейнерде өрт болды. Жалын тілі 2 шаршы метр аумаққа тарады. ТЖ орнында 23 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Жалын ҚР ТЖМ құтқару бөлімшелерінің келуіне дейін ауыздықталып, сөндірілді. Сол күні Батыс Қазақстан облысының Жанғалы ауданындағы «Әнуар» шаруа қожалығында шаруашылық құрылыстары мен 170 тонна шөп өртенді. Жалын тілі 250 шаршы метр аумаққа тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖ-ны жоюға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы, Пятимарский ауылдық округіндегі ерікті өрт сөндірушілер құрылымының 10 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін