Астанада шетелдік елші әмиянын ұрлатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шетелдік елші әмиянын ұрлатқан

Астанада шетелдік елші әмиянын ұрлатқан

Астанада ойын-сауық орталықтарының бірінде шетелдік елшінің әмияны ұрланған.

  • 22 Тамыз 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасап хабарлайды.  

Қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы Алматы облысының бұрындары істі болған тұрғынын ұстады деп хабарлады. Ұрлық 17 тамызда "Керуен" ойын-сауық оталығында болған. Зардап шегуші шет елдің елшісі болып шыққан, оның қалтасынан әмиян ұрлап кеткен. 

Сонымен қатар, Қостанай облысы Рудный қаласында бұрын істі болған жергілікті тұрғын ұсталды. Оның үйінен "РПГ-22" гранатасы табылып, тәркіленді. 


Қостанайда валюта айырбастау орнында 392 мың доллар ұрлап кеткен ер адам да ұсталды. Пәтерді тінту нәтижесінде, "АК-103" автоматы мен оқтар тәркіленді. 
 

Соңғы жаңалықтар