Қайғылы оқиға 23-ақпан күні кешке қарай салынып жатқан көп қабатты ғимараттың 6 қабатынан лифт құлау салдарынан болған. «ҚазАртСтрой» ЖШС-де істеп жүрген 1977, 1978 және 1979-жылғы төрт жігіт те Монғолияда туып, осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударған азаматтар.
Қазір жұмысшылардың өліміне байланысты дерек тексеріле бастады.