Жарияланды: 360

Астанада ШЫҰ саммитін өткізу шығындарын ҚР үкіметі есептейді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) Астанадағы саммитін өткізу шығындарын ҚР үкіметі есептейді, деп мәлім етті ШЫҰ бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев.

«ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті Астанада өтетіндіктен, оның шығынын Қазақстан үкіметі есептейді. Біздің ережемізге сәйкес, саммит қай елдің аумағында өткізілсе, оның шығынын сол ел көтереді», - деді М. Иманәлиев сәрсенбі күні бейне-баспасөз мәслихатында. Еске сала кетейік, 2009 жылы ШЫҰ саммитін өткізуге Ресей 7,3 млрд рубль жұмсады. Оның ішінде 2,7 млрд рубль қаржы Екатеринбург жолдарының құрылысы мен оларды жөндеуге бағытталды. ШЫҰ-ның Ташкентте өткен саммитінің құны $13 млнқұрады. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары негізін қалаған аймақтық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ға 2010 жылдың 12 маусымынан 2011 жылдың 15 маусымына дейін Қазақстан төрағалық етеді. ШЫҰ-ның саммиті жыл сайын өткізіледі, ұйымның мерейтойлық саммиті 15 маусымда Астанада өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть