Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің жетінші отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің жетінші отырысы өтеді

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің жетінші отырысы өтеді

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 30-қазанда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің жетінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Қазан 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

Жиынға ШЫҰ-ға мүше елдердің үкімет басшылары және бақылаушы мемлекеттердің, атап айтқанда Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан елдері үкіметтерінің жетекшілері, сондай-ақ құрметті қонақ ретінде Ауғанстан үкіметінің мүшелері қатысады.

«Отырыста ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы бұдан былайғы өзара іс-қимылдар, сондай-ақ жаһандық қаржы дағдарысы кезіндегі әлемде қалыптасқан жағдай туралы пікір алмасылады. Мәжілістің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр», деді ресми өкіл.

Е. Ашықбаевтың айтуынша, аталмыш мәжіліс қарсаңында қазанның 27-28-і күндері Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтеді. Онда ШЫҰ-ға мүше елдер үкімет басшылары кеңесінің жиынына дайындық мәселелері қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар