Астанада ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті басталды

Астанада ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті басталды

Астанада бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті басталды.

  • 15 Маусым 2011
  • 576
Фото - Caravan.kz


Белгіленген тәртіпке сәйкес, саммит жеке құрамда басталды. Оған ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао, Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов қатысады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының 10 жылдығына арналған мерейтойлық саммиті Астана қаласында 14-15 маусым күндері өтеді.
Содан кейін жалпы отырыста оларға ШЫҰ жанындағы бақылаушы елдер Үндістан, Иран, Монғолия, Пәкістан делегацияларының басшылары қосылады.
Кездесуде Иран мен Пәкістан атынан осы елдердің президенттері Махмуд Ахмадинежад және Асиф Али Зардари қатысады.
Мұнымен қоса Астанаға қонақ ретінде Ауғанстан Президенті Хамид Карзай және БҰҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚКҰ, АСЕАН секілді халықаралық ұйымдардың басшылары келді.
Саммит барысында ШЫҰ-ның 10 жыл ішіндегі қызметінің негізгі қорытындылары шығарылады және алдағы міндеттері айқындалады.
Басшылар халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша пікір алмасады.
Самиттің басты құжаты ШЫҰ онжылдығының Астаналық декларациясы болмақ. Сонымен қатар, мемлекет басшылары 2001-2016 жылдарға арналған ШЫҰ-ның Есірткіге қарсы стратегиясын және оны орындау жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын бекітеді.
Тараптар ШЫҰ-ға кіруді қалайтын мемлекеттердің міндеттемелері туралы меморандумды мақұлдайды.
ШЫҰ-ның Астанадағы осы саммиті Қазақстанның Ұйымға төрағалық кезеңін аяқтайды. 2011-2012 жылдары ШЫҰ-ға төрағалық ету міндеті Қытайға өтеді.

Соңғы жаңалықтар