Хабарламада атап көрсетілгеніндей, желі құрылысының бірінші кезеңінің жобасына бірнеше банк несие беруге дайын, алайда оны қаржыландыру технологиясына қатысты сұрақтар туындап отыр. «Солтүстік-Оңтүстік» жобасының Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызына тоқталған Д.Ахметов жобаға қатысушыларға 10 күн ішінде оны қаржыландыру түрін айқындап алуды тапсырды. Желі құрылысына жылдың екінші жартысында кірісу межеленіп отыр.
«Солтүстік-Оңтүстік» электр жалғастыру желісі электр қуатына бай еліміздің солтүстік аймақтарын энергия тапшылығын ұдайы тартатын оңтүстік өңірлермен байланыстыруы тиіс.