Астанада "Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісі құрылысын қаржыландыру мәселесі талқыланды
"Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісі құрылысын қаржыландыру мәселесі ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметінен. |
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, желі құрылысының бірінші кезеңінің жобасына бірнеше банк несие беруге дайын, алайда оны қаржыландыру технологиясына қатысты сұрақтар туындап отыр. "Солтүстік-Оңтүстік" жобасының Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызына тоқталған Д.Ахметов жобаға қатысушыларға 10 күн ішінде оны қаржыландыру түрін айқындап алуды тапсырды. Желі құрылысына жылдың екінші жартысында кірісу межеленіп отыр.
"Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісі электр қуатына бай еліміздің солтүстік аймақтарын энергия тапшылығын ұдайы тартатын оңтүстік өңірлермен байланыстыруы тиіс.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін