Астанада "Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісі құрылысын қаржыландыру мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісі құрылысын қаржыландыру мәселесі талқыланды

Астанада "Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісі құрылысын қаржыландыру мәселесі талқыланды

"Солтүстік-Оңтүстік" электр жалғастыру желісі құрылысын қаржыландыру мәселесі ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметінен.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 421
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, желі құрылысының бірінші кезеңінің жобасына бірнеше банк несие беруге дайын, алайда оны қаржыландыру технологиясына қатысты сұрақтар туындап отыр. «Солтүстік-Оңтүстік» жобасының Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызына тоқталған Д.Ахметов жобаға қатысушыларға 10 күн ішінде оны қаржыландыру түрін айқындап алуды тапсырды. Желі құрылысына жылдың екінші жартысында кірісу межеленіп отыр.

«Солтүстік-Оңтүстік» электр жалғастыру желісі электр қуатына бай еліміздің солтүстік аймақтарын энергия тапшылығын ұдайы тартатын оңтүстік өңірлермен байланыстыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар