Астанада студенттер Димашты қолдап, флешмоб өткізді . - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада студенттер Димашты қолдап, флешмоб өткізді .

Астанада студенттер Димашты қолдап, флешмоб өткізді .

Бүгін ҚР Ұлттық өнер университетінің студенттері Димаш Құдайбергеновты қолдау мақсатында арнайы флэшмоб өткізді, деп хабарлайды Baq.kz т

  • 13 Сәуiр 2017
  • 419
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Ұлттық өнер университетінің студенттері Димаш Құдайбергеновты қолдау мақсатында арнайы флэшмоб өткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан «I’m singer» байқауында көрермендерді өз өнерімен тәнті екен. Миллиардтарды мойындатқан қазақ баласы аталмыш жобаның 10-кезеңінде үшінші орын алып, ақтық кезеңге жолдама алған болатын.

Осы орайда Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы Димашқа қолдау көрсету мақсатында арнайы флешмоб ұйымдастырды. Оған жоғары білім ордасының барлық факультет түлектері мен ұстаздары қатысты.

«Университетімізде 5 факультет бар. Осы факультетте оқитын студенттің барлығы осы флешмобқа қатысып жатыр. Олар Димашқа деген ізгі тілектерін айтып, рухани демеу көрсетуде. Осы орайда аспанға шар ұшырдық. Жастардың бүгінгі тілегі қабыл болсын деген үміттеміз. Баламызға табыс тілейміз. Қазақстанның атын аспанға шарықтата берсін. Мұның өзі аз да болса, рухани демеу ғой», — деді аталмыш университеттің Тәрбие жөніндегі проректоры Тұрарбай Әліпбаев.

Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ұлттық өнер университеті бастамасымен ұйымдастырылған. Флэшмобқа 100-ден астам студент қатысты.


Айта кетейік, «I’m singer» ән байқауы — «Hunan TV» арнасының жобасы. Телеарна аймақтық телевидение болып есептеледі. Алайда Қытайда барлық БАҚ-қа тең мүмкіндік берілген. Сондықтақ бұл телевидениенің атағы өңірден асып, аспан асты еліндегі ең үздіктердің қатарына енген.

15 сәуірде Димаш Құдайбергенов «I’m singer» ән байқауының ең соңғы шешуші сайысына қатысады.

Халықаралық байқаудың ақтық бәсекесін «Hunan TV» және «Хабар» тікелей эфирде көрсететін болады.

Хунан аймағының орталығы Чанша шаһарында 7,5 млн халық тұрады. Бұл Қытай ұғымында шағын қала саналады