Астанада «Студенттік ару - 2010» қалалық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Студенттік ару - 2010» қалалық байқауы өтті

Астанада «Студенттік ару - 2010» қалалық байқауы өтті

Кеше Астанада «Студенттік ару - 2010» қалалық байқауы өтті.

  • 18 Қараша 2010
  • 506
Фото - Caravan.kz

Байқауға елордадағы арнаулы және жоғары оқу орындарынан 16 жастан асқан барлығы 45 қыз қатысты. Сұлу бойжеткендер мәнерлеп жүру, әртүрлі әуендер ырғағына билеу және кешкі сәнді киім үлгілерін көрсету бойынша сынға түсті.

Арулардың өнерін екі топқа бөлінген қазылар алқасы бағалады. «Академиялық» алқаға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Арын Орсариев төрағалық етсе, «кәсіпқой» қазылар алқасына «Лига Жас StaR» креатив агенттігінің директоры, танымал шоу-мэн Нұржан Бейсенов басшылық етті.

Тартысты өткен доданың нәтижесінде «Студенттік ару-2010» байқауының бас жүлдесін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Азиза Сәдуақасова жеңіп алды. І-ші вице-мисс атағын сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Екатерина Сиволапова иеленсе, ІІ вице-мисс Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясының студенті Мәрия Бейсекей, ІІІ вице-мисс Медициналық колледждің студенті Раушан Әбілдә атанды.

Іс-шараны «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының, Білім және ғылым министрлігінің, қалалық мәдениет басқармасының қолдауымен «М-АРТ» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырды.