Caravan Logo

Астанада су құбырында болған апат салдарынан сегіз үйдің тұрғындары сусыз қалды

Астанада су құбырында болған апат салдарынан сегіз үйдің тұрғындары сусыз қалды

ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Достық көшесінде 9 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 300 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан Достық көшесіндегі алты тұрғын үй, Бөгенбай даңғылындағы екі үй мен "Шапағат" коммуналдық базары сусыз қалды.

Жөндеу жұмыстарын "АстанаСуАрнасы" ҚКК апаттық тобы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.