Астанада су құбырында болған апат жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада су құбырында болған апат жойылды

Астанада су құбырында болған апат жойылды

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырында болған апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2008
  • 339
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Достық көшесіндегі су құбырында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып, 10 қарашада сағат 18.00-де су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Достық көшесінде 9 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 300 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан Достық көшесіндегі алты тұрғын үй, Бөгенбай даңғылындағы екі үй мен «Шапағат» коммуналдық базары сусыз қалды.

Жөндеу жұмыстарын «АстанаСуАрнасы» ҚКК апаттық тобы жүргізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар