Астанада су құбырында болған апат жойылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Достық көшесіндегі су құбырында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып, 10 қарашада сағат 18.00-де су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Достық көшесінде 9 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 300 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан Достық көшесіндегі алты тұрғын үй, Бөгенбай даңғылындағы екі үй мен "Шапағат" коммуналдық базары сусыз қалды.

Жөндеу жұмыстарын "АстанаСуАрнасы" ҚКК апаттық тобы жүргізді.