Жарияланды: 400

Астанада су құбырында екі апат болды

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырында екі апат болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Желтоқсан көшесінде 24 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 150 миллиметрді құрайтын су құбырының жарылуы салдарынан Желтоқсан көшесіндегі екі үйдің, Бөгенбай даңғылындағы бір үйдің тұрғындары, №2 балалар ауруханасы мен музыка мектебі сусыз қалды. Сондай-ақ, Астананың №2 ықшамауданында апат болды. 25 қарашада сағат 03.10-да диаметрі 200 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан №2 ықшамаудандағы бес, №2 "а" ықшамаудандағы екі үйдің тұрғындары, №30 орта мектеп пен №59 балабақша су ала алмай қалды. Жөндеу жұмыстарын бүгін "АстанаСуАрнасы" ҚКК апаттық тобы жүзеге асырады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін