ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Желтоқсан көшесінде 24 қарашада сағат 20.45-те диаметрі 150 миллиметрді құрайтын су құбырының жарылуы салдарынан Желтоқсан көшесіндегі екі үйдің, Бөгенбай даңғылындағы бір үйдің тұрғындары, №2 балалар ауруханасы мен музыка мектебі сусыз қалды.
Сондай-ақ, Астананың №2 ықшамауданында апат болды. 25 қарашада сағат 03.10-да диаметрі 200 миллиметрлік су құбырының жарылуы салдарынан №2 ықшамаудандағы бес, №2 «а» ықшамаудандағы екі үйдің тұрғындары, №30 орта мектеп пен №59 балабақша су ала алмай қалды.
Жөндеу жұмыстарын бүгін «АстанаСуАрнасы» ҚКК апаттық тобы жүзеге асырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті