Астанада су құбырындағы апат жойылды
Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қарашада сағат 10.18-де Астанада Мұстафин көшесінде "Енисей-А" ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен "Достар" және "Достар-2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.
Сағат 23.50-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін