Астанада су құбырындағы апат жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырындағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қараша 2008
  • 383
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қарашада сағат 10.18-де Астанада Мұстафин көшесінде «Енисей-А» ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен «Достар» және «Достар-2» тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.

Сағат 23.50-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар