Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қарашада сағат 10.18-де Астанада Мұстафин көшесінде «Енисей-А» ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен «Достар» және «Достар-2» тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.
Сағат 23.50-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті