Caravan Logo

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қарашада сағат 10.18-де Астанада Мұстафин көшесінде "Енисей-А" ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен "Достар" және "Достар-2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.

Сағат 23.50-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Су қамтамасыздығы қалпына келтірілді.