Caravan Logo

Астанада су құбырындағы апат жойылды

Астанада су құбырындағы апат жойылды

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 19 қарашада сағат 18.20-да Астанадағы Мұстафин көшесінде су құбырындағы апатты жою жұмыстары аяқталып, жеті үйге су толық жіберілді.

Бұдан бұрын да хабарлағаныымздай, 17 қарашада сағат 10.18-де Астанада Мұстафин көшесінде "Енисей-А" ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен "Достар" және "Достар-2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.