Астанада су құбырындағы апатты жою бағытындағы жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда
Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырындағы апатты жою бағытындағы жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астанада жеті үйдің тұрғындарының сусыз қалуына алып келген су құбырындағы апатты жою бағытындағы жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда
Бұдан бұрын да хабарлағаныымздай, 17 қарашада сағат 10.18-де Астанада Мұстафин көшесінде "Енисей-А" ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен "Достар" және "Достар-2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін