ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астанада жеті үйдің тұрғындарының сусыз қалуына алып келген су құбырындағы апатты жою бағытындағы жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасуда
Бұдан бұрын да хабарлағаныымздай, 17 қарашада сағат 10.18-де Астанада Мұстафин көшесінде "Енисей-А" ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен "Достар" және "Достар-2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.