Астанада суретші Еркінбек пен Алмагүл Есімовтердің жеке көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада суретші Еркінбек пен Алмагүл Есімовтердің жеке көрмесі ашылды

Астанада суретші Еркінбек пен Алмагүл Есімовтердің жеке көрмесі ашылды

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Суретшілер одағының мүшелері, қылқалам шеберлері Еркінбек пен Алмагүл Есімовтердің жеке көрмесі ашылды.

  • 21 Қаңтар 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Қылқалам ұшындағы кие» деп аталатын көрмеге 48 жұмыс қойылған. Еркінбек салған суреттер абстракция, авангард және сюреализм стилдерінде болса, Алмагүлдің «Жолда», «Кездесу», «Қайырлы таң», «Туған жер», «Көктем», «Көктөбе» туындылары этносимволдық стилде салынған. Суреттердің композициясында графика мен таңбалар арқылы өмірдің нышандары — балықтың, құстардың бейнелері көрініс тапқан.

Соңғы рет суретшілердің көрмесі 2004 жылы Астанада, Қазіргі заман өнер мұражайында өткен болатын. Содан бері олардың шығармашылық бағыты өзгеріп, жаңаша көзқарас, жаңаша стиль қалыптасты.


Бүгінде Есімовтердің шығармалары ҚР Парламентінде, министрліктер мен шетелдегі елшіліктерде қойылған, сонымен қатар Ресей, Австрия, Германия, Жапония елдерінде танымал.

Перейти к новостям спорта