Астанада суретші Л.Жанпейiсованың жеке көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада суретші Л.Жанпейiсованың жеке көрмесі ашылды

Астанада суретші Л.Жанпейiсованың жеке көрмесі ашылды

Кеше кешке Астанадағы Ресейлiк ғылым және мәдениет орталығында суретші Лариса Жанпейiсованың жеке көрмесі ашылды.

  • 28 Қазан 2011
  • 527
Фото - Caravan.kz

Оның ашылу салтанатына сенаторлар Светлана Жалмағамбетова, Владимир Редкокашин, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников, өнертанушылар мен суретшілер, қала тұрғындары қатысты.

Лариса Жанпейісованың терең мағыналы суреттері астаналық өнерсүйер қауымға бұрыннан таныс және олардың жүрегін баяғыда-ақ жаулап үлгерген. Ал оның шығармашылығы қала қонақтарының назарын аударып, әр кезде де іштей баурап алып отырады. Алайда аталмыш экспозиция — суретшінің мансабында болған көрмелердің ішінде тек екінші жеке көрмесі. Өйткені кескiндеме өнерін қадірлеушiлер дарынды ұстаның жұмыстарын бояуы кеппей жатып шеберханадан сатып алады. Сондықтан Лариса Жанпейiсованың суретін кейде жинау қиын. Бар гәп осында жатыр.

Мамандығы сәулетші бола тұра, Л. Жанпейісова кескіндеме саласындағы жұмыстарын қоса атқарып жүрді. 1982 жылы ол қаланың суретшілер одағына мүшелікке өтті. Ал 1992 жылы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болды. 1995 жылы оның туындылары Кембридж және Лондон қалаларындағы көрмелерге қойылды. Сол жылы ол Абай атындағы халықаралық клубтың «Қазақстан дарындары» атты стипендиясына ие болды. Л. Жанпейiсованың «Бiздiң президент» атты суреті халықаралық қауымдастықтың биiк бағасын алды және ол матаның репродукциясы 2000 жылы Лондонда шығарылған «Нұрсұлтан Назарбаев» атты кiтапқа кiрдi.

Тағдыры қиын суретші әрдайым үйсіз-күйсіз балаларды қостауға дайын. Ол «Бөбек», «Ақ бота» және «SOS-Киндердорф» балалар үйіне көмек көрсетіп келеді, ал 2000 жылдан бері «Светоч» жетім балалар үйін өз қамқорлығына алған. Суретші аталмыш көрмеден түскен қаражатты биыл да қамкөңіл балғындарға аудармақ.

Перейти к новостям спорта