Астанада суретші Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада суретші Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылды

Астанада суретші Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылды

Бүгін елордадағы Президенттік мәдениет орталығының көрме залында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай суретші Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылды.

  • 22 Қазан 2011
  • 640
Фото - Caravan.kz

Көрмеге суретшінің әртүрлі кезеңдерде салған 40-тан астам картиналары көрермен назарына ұсынылмақшы. Экспозицияға «Дала сұлтанының ұйқысы», «Өмір-өзен», «Менің күнім», Жастық», «Қапшағай», «Атамның шапаны», «Даналық», «Хан тәңірі» триптихі сынды шығармалары қойылған.

Суретшілердің айтуынша, М. Тұрғымбай шығармашылығы бір тақырып аясымен шектелмеген, оның қылқаламы портретке де, натюрмортқа да, пейзажға да аса бейім.

«Сонымен қоса суретшінің әр шығармасынан қазақта қасиетті саналатын ақ мәрмәр түстес бояулардың басым екендігін көруге болады. Фактуралары да сан қырлы. Соның барлығы жарасымды үйлесім тауып тұр. Сол бір ашық әрі қанық түстерден суретші жанының кіршіксіз тазалығы, ішкі жан дүниесінің мәні мен мазмұнын айқын көруге болады», — дейді ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Тілеужан Батанов.

М. Тұрғамбайдың шығармалары қазақстандық және халықаралық көрмелерге бірнеше мәрте қойылған. Оның картиналары Алматыдағы Қазақстан Орталық мемлекеттік музейінде және Түркия, Эстония, Германия, Финляндия, Оңтүстік Корей елдерінің жеке коллекцияларында бар.

Марат Тұрғымбай 1956 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1979 жылы Алматыдағы Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының түлегі. 1988 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Көрменің ашылуына Президент Әкімшілігінің, Мәдениет министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Елшілік өкілдері мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

Перейти к новостям спорта