Астанада сыбайлас жемқорлыққа түрткі болатын әкімшілік актілерін анықтаушы жұмыс тобы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сыбайлас жемқорлыққа түрткі болатын әкімшілік актілерін анықтаушы жұмыс тобы құрылды

Астанада сыбайлас жемқорлыққа түрткі болатын әкімшілік актілерін анықтаушы жұмыс тобы құрылды

Астанада экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті мен қалалық әділет департментінің бірлескен бұйрығымен екі мекеме қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлыққа түрткі болатын әкімшілік актілері мен шешімдерін анықтаушы жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Астана қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен бүгін, 7-шілдеде хабарлады.

  • 7 Шiлде 2005
  • 437
Фото - Caravan.kz

Астана қалалық әкімшілігі мен мәслихатының 1991-2005-жылдар аралығындағы барлық заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілері ревизия аясына қамтылады. Құжаттарға жан-жақты әрі толық талдау жасау үшін оларды зерттеу барысында қоғам өкілдері, түрлі қауымдастықтар мен жекелеген кәсіпкерлердің пікірі де ескеріледі.

Бұл жұмыс тобы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005-жылғы 14-сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік мекемелер мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру үшін құрылған.
Қазірдің өзінде ревизия нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа алғаышарт жасайтын бірқатар құжаттар анықталды, делінген қаржы полициясының хабарламасында. Осыған байланысты ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің басшылығына түрлі тендерлер мен мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған нұсқаулар жіберілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тобының жұмысы қазір жалғасу үстінде. Осыған байланысты қаржы полициясының басшылығы бұл іске кәсіпкерлерді де жұмылдырмақшы.

Перейти к новостям спорта