Бұл туралы Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
Кеше полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген. Ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында "Сарыарқа" ІІБ полицейлері 33 жастағы жүргізушіні ұстаған, ол шетел азаматын алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге жеткізгені үшін көп мөлшерде ақы алған", — дейді елордалық ІІД өкілдері.
Такси жүргізушісі аккредитациядан өткен, жеке адам тасуға құқығы бар екені анықталды. Осы дерек "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.