Астанада талаптарды сақтамаған «Green» дүкендерінің жұмысы тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада талаптарды сақтамаған «Green» дүкендерінің жұмысы тоқтатылады

Астанада талаптарды сақтамаған «Green» дүкендерінің жұмысы тоқтатылады

Астана қаласында 2500-нан астам сауда нысандары бар.

  • 13 Тамыз 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елордада өткен «Сауда нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен техникалық регламенттер талаптары, тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында белгілі болды. 

Жалға алушылардың жиі ауысып тұруына байланысты нысандардың 40% өз істерін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз, санитарлық ережелер талаптарын бұзумен жүргізуде.
«Сауда орталықтары, сауда желілері мен дүкендердің санитарлық ережелерге сәйкес жұмыс жасауын қадағалау бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдар мен тексеріс жұмыстарының нәтижесінде кейбір сауда орталықтарының санитарлық ережелерді бұзатыны анықталды. Дүкендерде азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі қадағаланбайды», — дейді Астана қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков.
Оның айтуынша, мұндай сауда орындары қатарында «Green» супермаркеттер желісі, «Баурсакофф» тез тамақтану мейрамханасы мен «Забава» дүкені жатады.
«Green» дүкеніне қатысты бірнеше рет шағымдар түсті. Жыл басынан бері оларға бір миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Егер бұзушылықтарды жоймайтын болса, хаттама толтырып, істі сотқа беруге толық құқығымыз бар. Бұл жағдайда оған ірі көлемде айыппұл салынып, оның жұмысы тоқтатылады» — деді департамент басшысы.
Сонымен қатар ол бұл бағыттағы жұмыстарға қала тұғындары мен қоғамдық ұйымдарды тарту көзделіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды astana.kz.


null

Соңғы жаңалықтар