Астанада тас жол төсеген жұмысшылар тағы жалақысын талап етіп, жолды жаппақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тас жол төсеген жұмысшылар тағы жалақысын талап етіп, жолды жаппақ болды

Астанада тас жол төсеген жұмысшылар тағы жалақысын талап етіп, жолды жаппақ болды

Астанада тура бір ай бұрын жолды жауып жалақы талап еткен жұмысшылар тағы да бас көтерді. Өйткені қанша шу шығарғанымен, 100-ден астам адам маңдай тер ақыларын әлі ала алмай жүр. Олардың барлығы Астана-Павлодар тас жолын төсегендер. Ал уәдеге тойдырумен жүрген басшының өзі әлі күнге дейін жоқ. Сондықтан амалы таусылған жұмысшылар бүгін кезекті рет мәжбүрлі шараға барып жолды жаппақ болды.

  • 29 Тамыз 2015
  • 574
Фото - Caravan.kz

Амалы таусылған бұл жұмысшылар көліктерін сәндеп жатқан жоқ. Кезекті наразылық шарасына әзірленуде. Бірі плакат жабыстырса, екіншісі «ақшамды қайтар» деп жазып жатыр. Өйткені Астана-Павлодар тас жолын төсеген бұл азаматтар маңдай тер ақысының көбін әлі ала алмай, тіпті қазір көк тиынсыз қалған.

Тілеухан Әкішев, жұмысшы:

Мысалы менің үш балам бар. Оларды қазір мектепке жіберетін шамам жоқ қазір. Киім әперетін. Айтып отырмыз 3-4 ай болды ақша жоқ. Барлық еңбекақамыздың тек 5 пайызын ғана алып отырмыз.

Жалақы күтіп сарғайған жұмысшылар, міне, мынадай контейнердің ішінде жатыр. Үйге қайтайын десе ақша жоқ. Соған ашынған біреуі тіпті ақшасын бермей кашқан компания басшысына өлең арнап жіберді.

Ернат Сәдуақасов, жұмысшы:

Ей жамағат, құлақ салшы сөзіме. Көрсем-дағы сене алмаймын өзіме. Қанша жұмыс істелді ғой орында, Төлеп берер ақшасы жоқ бірақ мөрі қолында. Кім кінәлі табу қиын допша сілтеп жүр ғой, Казгер үлкен мекеме шындықты бізге айтыңдар.

Артынан жұмысшылар өздері салған жолды жабуға беттеді. Алайда полицейлер наразылық шарасы туралы білсе керек, алдын ала жетіп келіпті.

Десе де жалақысын талап еткен топқа бұл кедергі болмады. КамазынА отырып, республикалық жолды жапқалы жатқаны сол еді, полицейлер көліктің алдына тұрып алды.

Көп ұзамай прокурорлар да жетті. Олар жұмысшыларды сабырға шақырып, із-түссіз кеткен мердігер компанияны жауапқа тартуға уәде етті.

Жұмысшылардың күн-түн демей төсеген тас жолында, міне, көліктер ағылып жатыр. Десе де жол салынғанымен жалақы сол күйі жоқ. Ашынғаннан жолды жаппақ болған жұмысшылардың әрекетіне де алдын ала жетіп алған полцейлер мүмкіндік бермеді. Ал, ақшаны әне-міне беремін деп қашқан басшы сол күйі қарасын көрсетпеді.Сондықтан еңбекақысын даулаған жұмысшылар бұл жолы да көк тиынсыз қайтып кетті.

Соңғы жаңалықтар