Астанада тауық аяғының ішінен құрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тауық аяғының ішінен құрт шықты

Астанада тауық аяғының ішінен құрт шықты

Ал Астанада тіпті құрттап кеткен тауық аяқтары саудаға түскен. Көшедегі дүңгіршектердің бірінен тауық аяғын сатып алған медициналық колледждің студенттері жыбырлаған кәдімгі құртты көріп, естерінен тана жаздады. Қарны ашып сабақтан шыққан қыз-жігіттер құдай сақтап, ұшынып  ауруханаға түсуден аман қалған.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 277
Фото - Caravan.kz

Бірнеше студенттің жеген тамағын желкесінен шығарған мына самса әзірлейтін дүңгіршіктегі ас. Бүгін олар осы жерден тауық аяғын сатып алыпты. Аштықпен астың жартысын жеп жібергендер кейін жыбырлаған құртты көріп жағаларын ұстаған. Ал, сауда орынының сыртына халал ас әзірлейміз деп жазып, құрттаған тауықты сатқандар іштен бекініп алып шықпай қойды. Енді дөнер, самса әзірлейтін дүңгіршек иесіне ірі көлемде айыппұл салынып немесе мүлдем жабылуы мүмкін. Өйткені, тауықтан құрт тапқандар СЭС-ке арыз жазып кетті.

Айгерім Сермұрзаева, Астана қаласының тұрғыны:

-Мен жеп қойдым біразын. Кейін қайта шығарып жібердім. Қараңызшы ішінде бәрі құрттар жыбырлап жүр. Тіпті, ұстаудың өзі қорқынышты. Еттің исі шығып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар