Caravan Logo

Астанада тауық аяғының ішінен құрт шықты

Астанада тауық аяғының ішінен құрт шықты

Бірнеше студенттің жеген тамағын желкесінен шығарған мына самса әзірлейтін дүңгіршіктегі ас. Бүгін олар осы жерден тауық аяғын сатып алыпты. Аштықпен астың жартысын жеп жібергендер кейін жыбырлаған құртты көріп жағаларын ұстаған. Ал, сауда орынының сыртына халал ас әзірлейміз деп жазып, құрттаған тауықты сатқандар іштен бекініп алып шықпай қойды. Енді дөнер, самса әзірлейтін дүңгіршек иесіне ірі көлемде айыппұл салынып немесе мүлдем жабылуы мүмкін. Өйткені, тауықтан құрт тапқандар СЭС-ке арыз жазып кетті.

Айгерім Сермұрзаева, Астана қаласының тұрғыны:

-Мен жеп қойдым біразын. Кейін қайта шығарып жібердім. Қараңызшы ішінде бәрі құрттар жыбырлап жүр. Тіпті, ұстаудың өзі қорқынышты. Еттің исі шығып кеткен. 

Loading...